Тоқаев: Су ресурстарын әділ пайдалану мәселесі Өзбекстанмен шешіледі

Тоқаев: Су ресурстарын әділ пайдалану мәселесі Өзбекстанмен шешіледі

Сурет: akorda.kz

Су ресурстарын әділ пайдалану мәселесі Өзбекстан тарапымен тығыз байланыста шешіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда», — деп жазды Президент.

Ол сонымен қатар, су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешілетінін мәлімдеді.

Еске салайық, 6 мамырда Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден төленетіні мәлім болған.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-su-resurstaryin-adl-paydalanu-maseles-ozbekstanmen-308248/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *