Қытай коронавирусты жеңгенін мәлімдеді

Қытай коронавирусты жеңгенін мәлімдеді

Фото: euractiv.com

Фото: euractiv.com

Қытайда коронавирус індетінің таралуы тоқтады. Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттің ресми өкілі Ми Фэн мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

28 наурыздағы мәліметке сәйкес, елде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 3 мыңнан кем болған.

«Қытай аумағында эпидемияның таралуы тоқтады», — деді Ми Фэн.

ҚХР-да коронавирусты 81 439 адам жұқтырған. 75 448 науқас аурудан жазылса, 3300 адам індеттен көз жұмған.

Айта кетейік, Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 265-ке жетті.

https://kaz.tengrinews.kz/world_news/kyitay-koronavirustyi-jengenn-malmded-306736/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *