РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ – НАСИХАТ ШТАБЫ ШЫМКЕНТ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ – НАСИХАТ ШТАБЫ ШЫМКЕНТ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанынан құрылған республикалық ақпараттық — ағартушылық штабының мүшелері Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды көздеген Штаб мүшелері алғашқы кездесуін қала активімен өткізді. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өткен жиында халық пен мемлекет арасында диалог құру және кеңейтілген ақпараттық іс-шаралар арқылы парасаттылық қағидаттарын дамыту мәселелері айтылды.

Жиынға республикалық үгіт-насихат штабының басшысы Ы.Тұрсынзада, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі А.Бердалин, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы А.Жұмағали қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының басшысы С.Мәжінбеков қатысты.
Жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ мемлекет құрудағы азаматтық қоғамның күш-жігерін шоғырландыруға мүмкіндік беретінін айтқан штаб мүшелері, сыбайлас жемқорлықтың себептерін бірлескен шаралармен жоюға шақырды.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *