Өзбекстан парламенті елдің жаңа премьер-министрін таңдады

Өзбекстан парламенті елдің жаңа премьер-министрін таңдады

Өзбекстан парламенті елдегі премьер-министр лауазымына Абдолла Ариповтың кандидатурасын бекітті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Абдолла Арипов. Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіАбдолла Арипов. Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

21 қаңтарда заң шығарушы палата мен Олий мәжілісі сенатының бірлескен отырысында Өзбекстан мемлекетінің президенті Шавкат Мирзиеев Олий мәжіліске елдің премьер-министрі қызметіне Абдулла Ариповтың кандидатурасын қарастыруды ұсынған.

Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Ариповтың кандидатурасына заң шығарушы палатаның 148 депутаты дауыс беріп, біреуі – бейтарап, 1 – қалыс қалған.

Сенаторлардың ішінде 94-і Абдолла Ариповты қолдаса, үшеуі қалыс қалған.

Осылайша Абдолла Арипов елдің премьер-министрі тізгінін қайта қолға алды. Енді жаңа үкімет Ариповтың басшылығымен қызметін қайта жалғастырады.

Айта кетейік, бұған дейін Абдолла Арипов Өзбекстан үкіметін 2016 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың қаңтар айына дейін басқарады. 20 қаңтарда Арипов бастаған ведмоство отставкаға кеткен еді.

https://kaz.nur.kz/1837190-zbekstan-parlamenti-eldi-zaa-premer-ministrin-tadady.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *