Қазақстанға Қытай мен Үндістан азаматтарына 72 сағатқа визасыз кіруге рұқсат берілді

Қазақстанға Қытай мен Үндістан азаматтарына 72 сағатқа визасыз кіруге рұқсат берілді

Қазақстанға Қытай мен Үндістан азаматтарына 72 сағатқа визасыз кіруге рұқсат берілді - © Тұрар Қазанғапов

Тұрар Қазанғапов

Қытай және Үндістан азматтары үшін Қазақстан арқылы транзитпен ұшатындар үшін 72 сағаттық визасыз режим ашылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің Telegram-каналына сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасы мен Үндістан Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасына келу, болу және кетудің 72 сағаттық визасыз режимі жұмыс істейді. Өткізу пункттерінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақыты көрсетілген ҚХР мен Үндістанның транзиттік азаматтарының төлқұжатына мөр қойылады», — делінген хабарламада.

Бұл жаңашылдық 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanga-kyitay-men-undstan-azamattaryina-72-sagatka-303935/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *