ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР

ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР

Шымкентте қазақ күресінен Есіркеп Батырды еске алуға арналған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті. Жарысқа бес мемлекеттің жас балуандары қатысып өз ара мықтыны анықтады.

Қазақстандағы күрестің дамуына 20 жыл бойына ықпал етіп келе жатқан Бахадүр батыр Есиркеп Байжігітұлын еске алуға арналған турнир алғашта Бәйдібек ауылындағы Майбұлақ ауылында басталған болатын. Одан аудандық,облыстық дәрежеге көтерілсе бұл күнде халықаралық арена шықты. Турнирді ұйымдастырушы белгілі сазгер Жарылқасын Даулет спортшылардың ынтасын көтеру үшін бас жүлдеге темір тұлпар тігіліп отырғанын атап өтті.

Екі күн бойына жоғары спорт шеберлігі мектебінің кешенінде өткен  балуандар белдесуінің қорытындысында салмақ дәрежелері бойынша Нұрлан Жабаев басқарып келген  Шымкент қаласының спортшылары бас жүлдені жеңіп алды.Күреске бейім  Қызылорда облысының жастары жүлделі екінші орынды алса, Түркістан облысы үшінші орынға табан тіреді. Ал Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан балуандары жекелей сында ғана жартылай финалға дейін жетті.

Олжас Кенеханов — Жарыстың бас төрешісі

Жастар арасында ел арасындағы жарыста бірінші рет түйе палуандыққа темір тұлпар тігіліп отыр. Оны жеңіп алу үшін отызға тарта ауыр салмақтағы палуандар тілек білдірді.Тартысты белдесулердің нәтижесінде Түркістан қаласынан келген Дінмұхамед   Ергешовке қарсы тұрар балуан болмады. Жеңімпаздар сонымен қатар Батырдың бейнесі басылған ескеткіш кілемдермен  және бағалай сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар енді ел чемпионатында өңіріміздің намысын қорғайтын болады.

Нұрсұлтан   Әбдірашит               

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *