«Союз МС-15» кемесі халықаралық ғарыш станциясына экипаждың жаңа мүшелерін жеткізді

«Союз МС-15» кемесі халықаралық ғарыш станциясына экипаждың жаңа мүшелерін жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқоңырдан ұшырылған «Союз МС-15» кемесі халықаралық ғарыш станциясына экипаждың жаңа мүшелерін жеткізді, деп хабарлады 24.kz.

Олардың арасында Біріккен Араб Әмірліктерінің тұңғыш ғарышкері Хаззаа Әл-Мансури бар. АҚШ астронавты Джессика Меир және кеме командирі ресейлік Олег Скрипочка да бортта. Соңғы екеуі станцияда жарты жылдан аса уақыт жұмыс істесе, Әл-Мансури сегіз күн болады. Ғарышкерлер 250-ден аса тәжірибе өткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ, ашық ғарышқа шығып, станцияға жаңа литий-ион батареяларын орнатпақ.

Айта кетейік, соңғы төрт жылда халықаралық ғарыш станциясында алғаш рет бір мезгілде 9 адам тұрып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *