ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК ШАБАНДОЗДАР ЖАСТАР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК ШАБАНДОЗДАР ЖАСТАР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Төлеби ауданында көкпардан жастар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Биылғы дода Төлеби ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай жəне даңқты көкпаршы Шымырбай Əуезбаевтың құрметіне арналды. Сайысты Түркістан облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасы мен облыстық ұлттық спорт мектебі ұжымы, аудан әкімдігі ұйымдастырды.
Жарыстың ашылу салтанатында Төлеби ауданының əкімі Төлеген Телғараев ел ертеңі болар жастарға сəттілік тіледі. Осы жарысты жоғары дәрежеде ұйымдастыруға атсалысқан Төлеби аудандық мəслихаттың хатшысы Нұрлан Қойбағаров та тəуелсіз еліміздің төл перзенттерінің болашағы жарқын екендігіне сенім білдірді.
Жастар арасындағы көкпар додасына бірнеше аудан, қаладан командалар қатысты. Тартысқа толы көкпар додасында Төлеби ауданының шабандоздары бірінші орын алса, екінші орын Бәйдібек ауданының шабандоздарына бұйырды. Ал Қазығұрт ауданының командасы жүлделі үшінші орынды олжалады. Бұдан өзге «Үздік салымшы» номинациясына Абду Мейрамбек ие болса, «Үздік сәйгүлік» номинациясына «Жауынгер» атты тұлпар лайықты деп танылды. Енді осы жарыста іріктелген мықтылар наурыз айының 24-31 арасында өтетін ел чемпионатында Түркістан облысының намысын қорғайды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *