Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды

Олжас Бектенов. Фото: gov.kz

Олжас Бектенов. Фото: gov.kz

Олжас Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын», — делінген Жарлықта.

Ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылған. Бектенов бұл қызметке 2019 жылы маусымда тағайындалған болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *