ТҮРКІСТАНДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР БАСТАЛДЫ
Түркістан облысында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай онкүндік басталды. Мерекелік іс-шаралармен айшықталатын әр күн адамдарды ынтымақ пен бірлікке, татулыққа шақырмақ.
Онкүндіктің ашылу салтанаты Қ.А.Ясауи кесенесінен бастау алып, «Керуен сарай» көпфункцианалды туристік кешенінде этнос өкілдерінің мерекелік шеруімен жалғасты. Оған қаламыздың белсенді жастары, этнос өкілдері мен ЖОО-ның студенттері қатысып, мұндай шара елді бірлікке үндейтінін айтты.
– Алғыс айту күні – бір-бірімізге деген құрметіміз бен сыйластығымызды арттыратын мейрам. Тарих тоғыстырған, тағдыр табыстырған барша этнос өкілдерінің берік бірлігі мен тату тірлігі Қазақстанның басты жетістігі.
Бүгін, мінеки, мерекенің мән-маңызын арттыратын осындай игі шараға куә болдық. Бұл – біздің бірлігімізді нығайтады, – деді қалалық славян этно-мәдени бірлестігі төрайымының орынбасары Ирина Чеганова.
Шара барысында қатысушылар туған елімізге алғыс білдіру мақсатында бір шаңырақ астына жиналды. Іс-шара соңында этномәдени бірлестік өкілдері жұртшылықты Алғыс айту күнімен құттықтап, барша қазақстандықтарға челлендж жолдады.
Онкүндік аясында қайырымдылық акциялары, суретшілер байқауы, этнос өкілдері арасында қазақ қаламгерлерінің туындыларын мемлекеттік тілде орындау байқауы өтеді. Сонымен бірге репрессияға байланысты тарихи фотосуреттер көрмесі, көшет отырғызу іс-шарасы, мерекелік концерт өтеді деп жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *