Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасадыФото: DAZN BoxingФото: DAZN Boxing

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Instagram-парақшасында келесі кездесуі туралы мәлімдеме жасады, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыз 2021 жылдың желтоқсанында WBA Super белбеуінің иегері жапон Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездесу өткізуі керек болатын. Бірақ Жапонияда коронавирусқа байланысты карантин шаралары күшейтіліп, айқас кейінге қалды. Енді бұл жекпе-жек көктемде өтуі мүмкін.

«Жаттығу лагеріне қайта оралып, командамды көргеніме қуаныштымын. Жуырда Жапонияда өтетін айқастың нақты күні айтылады деп үміттенемін. Дайындалып жатырмыз», — деп жазды Головкин.

Айта кетейік, биыл Головкинмен Крис Юбен (Ұлыбритания) және Хайме Мунгия (Мексика) секілді боксшылар кездескісі келетінін айтты. Сонымен қатар биыл ол Сауль «Канело» Альвареспен кездесуі мүмкін деген де әңгіме бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *