ТҮРКІСТАН: БИЫЛ БӘЙДІБЕКТЕ ЖАҢА КІТАПХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ БӘЙДІБЕКТЕ ЖАҢА КІТАПХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Бәйдібек ауданы, Шаян ауылынан былтыр 100 мың кітап қорына арналған орталық кітапхананың құрылысы басталған. Қазіргі таңда аталған нысанның екінші қабатының қабырғалары толық қаланып, шатырын жабу жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық орталық кітапхана ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Жаңа кітапхананың бірінші және екінші қабатында келушілерге арналған оқу залдары болады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау үшін арнайы пандус пен емін-еркін көтерілуге лифт қойылады.
Орталық кітапхана бүгінде аудандық мәдениет үйінің ғимаратына уақытша орналастырылған. Жалпы аудан аумағында 25 кітапхана жұмыс істейді. Оның 23-і ауылдық, 1-і аудандық орталық кітапхана болса, 1-і балалар кітапханасы. Онда — 221 849 дана кітап қоры бар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *