ҚР БҒМ басшысы жаңа оқу жылына мектеп оқушылары оқулықтарының тізімін бекітті

АСТАНА. ҚазАқпарат — ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа оқу жылына мектеп оқушылары оқулықтарының тізімін бекітті.

«Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен 2016-2017 оқу жылына оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша облыстар және Астана, Алматы қалаларының әкімдігімен іріктемелі кеңес өтті. Кеңес барысында Министр баспалармен одан әрі жұмыс жасау, сатып алу және еліміздің мектептеріне жеткізу үшін баспаларға және жергілікті атқарушы органдарға жіберілетін «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде элктрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрыққа қол қойғандығын айтты», — делінген ҚР БҒМ хабарламасында. .

Өңірлер Қазақстанда көрсетілген ұлттық мектептер үшін жеке оқулықтарды ұйғыр, өзбек және тәжік тілдеріне аудару қажеттігіне көңіл бөлді. Өз кезегінде аударма жұмыстары баспалармен жасалынатындығы, ал оқулықтарға кететін уақыт оқулықтарды уақтылы жеткізуге әсер етпейтіндігі аталып өтті.

Кеңес барысында Ерлан Сағадиев БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау және Ғылым комитеттеріне баспалардың іс-әрекетіне, сатып алуларға және оқулықтарды жеткізуге күнделікті мониторинг жүргізуді және мониторинг қорытындысы бойынша әр үш күн сайын министрге тікелей хабардар етуді тапсырды.

«Баспаларға ағымдағы жылғы 16 мамырға дейін жергілікті атқарушы органдарға оқулықтардың соңғы бағасын ұсынуды тапсырды. Ал әкімдіктер ағымдағы жылғы 10 маусым мерзіміне дейін оқулықтарды алуға баспалармен тиісті шарттар жасауы және мектептерге оқулықтарды уақтылы жеткізу мәселесін қарастыруы қажет», — деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметі. .

Кең желісі арқылы әр облыстың барлық ауылдық округтеріне жүкті жеткізу міндеттемесін өзіне алатын «Қазпошта» ұлттық пошта операторы оқулықтарды жеткізу бойынша өз қызметін ұсынды, сонымен қатар on-line режимде жеткізуге мониторинг жүргізу әр мектептің оқулықпен қамтамасыз етілгендігіне бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Министр өз кезегінде «Қазпошта» өкілдеріне әлеуметтік жауапкершілік алуға және жеткізу құнын төмендетуге шақырды, деп атап өтеді ҚР БҒМ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *