ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР АҚШ-ТА АЛҒАН БІЛІМДЕРІН ӘРІПТЕСТЕРІНЕ ҮЙРЕТУДЕ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР АҚШ-ТА АЛҒАН БІЛІМДЕРІН ӘРІПТЕСТЕРІНЕ ҮЙРЕТУДЕ
Түркістан облысының медицина мамандары облыс әкімінің қолдауымен АҚШ мемлекетінің Харвест қаласында біліктіліктерін арттырып келген болатын. Дәрігерлер BLS, ACLS, PALS бағдарламалары бойынша жедел медицина нұсқаушыларын даярлау тақырыбында білім алып, жүрек-өкпе реанимациясына және жүрек-қан тамыр ауруларын жедел емдеуді, неонаталды кезеңде адам өмірін сақтап қалу бойынша білімдерін шыңдады.
Америка Құрама Штаттарына Түркістан, Кентау қалаларынан және Ордабасы, Жетісай аудандарынан 11 медициналық қызметкер барып келген-ді. Енді бұл мамандар алған білімдері мен тәжірибелерін әріптестеріне үйретуде.
– Қазіргі таңда жедел-жәрдем барғанға дейін жүрегі тоқтап қалғандар көптеп кездеседі. Сондықтан кез келген адамда «жүрек-өкпе реанимациясы» бойынша білімі болса біршама адам аман қалар еді. Сол бойынша барлық медицина қызметкерлері мен басқа да сала қызметкерлерін арнайы алынған «Prestan» манекендері арқылы оқыту жоспарда бар, – дейді Кентау қалалық орталық ауруханасының реанимация бөлімінің меңгерушісі Ержан Жұмашев.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *