ТҮРКІСТАНДА ЕЛБАСЫНЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛБАСЫНЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын облыс көлемінде ақпараттық насихаттау бойынша дөңгелек үстел жиыны өтті. Офлайн форматта Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев, басқармаға қарасты «Ақпараттық талдау орталығы» КММ-сі, «Қоғамдық келісім» КММ-сі, облыстық жастар ресурстық орталығы және Рухани жаңғыру кеңсесінің қызметкерлері мен онлайн форматта Ақпараттық талдау орталығы жанынан құрылған қоғамдық бағыттағы Түркістан облысы аудан, қалалық медиаволонтерлар ZOOM ақпараттық алаңшасы арқылы қатысты.


Жиынды ашып, жүргізіп отырған қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Жаңабайұлы: «Расында да, бүгінгі Тәуелсіздік құрдастары ел тәуелсіздігін ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома сынды көрінеді. Десек те, Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін біз және өскелең ұрпақ оның қадірін білуге тиіспіз»-деген өзіндік тұжырымдамасын айта өтіп  Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласы тарихты толғау арқылы болашақ ұрпаққа ой салатындығына тоқталды.


Бас қосу бағдарламасына сәйкес Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми сарапшылық топ жетекшісі, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Қайнар Қалдыбайұлы Елбасы мақаласындағы этносаралық татулық пен қоғамдық келісім туралы баяндады. Одан соң сөз алған Қанат Жақашев, Әбутәліп Ерсұлтан және Мөлдір Бекеева ең қасиетті құндылығымыз — Тәуелсіздігіміздің насихатталуы жайында сөз қозғады. Пікір-талас соңында дөңгелек үстелеге қатысушылар тарапынан «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласының қоғамда терең насихатталуына арналған ұсыныстар мен пікірлер айтылды.


Жиынды Аңсар Жаңабайұлы: «Тәуелсіздіктің ең үлкен жемісі болып саналатын, жаңару мен жағырудың даңғыл жолына түскен Түркістан өңірінде бұл бағыттағы жұмыстар әрқашанда ақпараттық нарықта бәсекелестік орната алатын ортаны қалыптастыруымыз керек» – деп қорытындылап, мақаладағы басымдық берілген бағыттар бойынша бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *