КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ҚУАТТЫЛЫҒЫ 200 МВТ ЖЕЛ ЖӘНЕ КҮН ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы Кентау қаласында қуаттылығы 200 мвт жел және күн электр стансасы салынады. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Маминнің Түркістанға жұмыс сапары барысында мәлім болды.

ҚР Энергетика министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі және «Kazakhstan CHN-KZ electric industrial park group» қытай компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Келісім негізінде қуаттылығы 200 мВт болатын жел электр стансасы мен күн электр стансасын салынады. Жобаның жалпы құны — 225 млрд. АҚШ доллары. Электр станса Кентау қаласының Қотырбұлақ елді мекенінде орналасатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *