ТҮРКІСТАН: ТҮРКИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР САЙРАМДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАРМЕН ТАНЫСТЫ

ТҮРКІСТАН: ТҮРКИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР САЙРАМДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысына Түркиядан арнайы делегация келді. Мақсат – өңірдің экономикалық әлеуетімен танысу әрі іскерлік байланыс орнату. Аудан, қалаларды аралап, екіжақты келісім жасау да көзделген. Түркиялықтар бүгін Түркістан облысының Сайрам ауданында болды. Мал бордақылап, ет өндіріп, экспортқа, ішкі нарыққа қой мен ірі қара мал етін беретін «Қайып ата» ЖШС-нің жұмысымен танысты.
Қазір мұнда 18 мыңға жуық ірі қара мал бордақыланып жатыр Кәсіпорын жылына 7200 тонна ірі қара мал етін дайындауға қауһарлы. Бүгінде етті Ресей, Иран, Өзбекстанға экспорттауда. Қытай нарығына шығу үшін құжаттар рәсімделіп жатыр. 2021 жылдан бері аптасына 40 тонна ірі қара мал етін Өзбекстанға сатып жатқан кәсіпорын биыл жалпы 1500 тоннадан астам ет экспорттаған.
Жақында Атыраудағы мұнай өңдейтін зауытпен келісімшарт түзіп, мұздатылған, сүйексіз, бөлшектелген таза қой етін ваккумдап, 10 тоннасын жіберді.
Жыл соңына дейін тапсырыс көлемі 30 тоннаға жетеді.
«Dogus Group» түрік компаниясының өкілдері Сайрамдағы кәсіпорындармен танысып, зерделеу жұмыстары жүргізілген соң іскерлік байланысты нығайтуға уағдаласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *