Шымкентте қоқыс контейнерінен нәресте өлі табылды: анасы ұсталды

Шымкентте қоқыс контейнерінен нәресте өлі табылды: анасы ұсталды

Полиция Шымкентте жаңа туған нәрестені қоқыс контейнеріне тастаған әйелді анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері 1996 жылы туылған күдікті азаматшаны анықтап, бөлімге әкелді.

Еске салйық, 18 қазанда Шымкент полициясына Рысқұлов көшесіндегі қоқыс жәшіктерін тазалау кезінде «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС қызметкері кіндігі кесілмеген жаңа туған нәрестенің мәйіті салынған пакетті тапқаны туралы хабарлама түскен.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Нәрестенің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Полиция Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында басқа ақпарат жария етілмейтінін айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *