«ТҰРАН» КОМАНДАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ӨТТІ

«ТҰРАН» КОМАНДАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ӨТТІ

2021 жылдың 11-15 қазан аралығында Шымкент қаласындағы «Мұз сарайында» шайбалы хоккейден 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында «Федерация Кубогына» арналған республикалық турнир өтті.

Жарысқа Алматы қаласының «Rakhimzhan», «Medvedi», Павлодар қаласының «Ertis», Нұр-Сұлтан қаласының «Brigantina», «Barys», «Astana», Ақтөбе қаласының «Aqtobe», Атырау қаласының «Beibarys» және Шымкент қаласының «Turan» командасы қатысты.
Аталған сайыста турнирдің келесі кезеңіне жолдама алған командалар анықталды.

Шымкент қаласының «Turan» командасы іріктеу бәсекесінде 2-ші орынға ие болып, келесі кезеңге шықты. «Федерация Кубогы» бәсекесінің шешуші кезеңі қашан өтетіні алдағы уақытта мәлім болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *