ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ «ЕНЕЛЕР МЕКТЕБІ» АШЫЛМАҚ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ «ЕНЕЛЕР МЕКТЕБІ» АШЫЛМАҚ

Түркістан облысы, Келес ауданының ақсақалдары 48 баланың өміріне араша түсіп, жетімдіктен сақтап қалды. Осылай деген Ұшқын ауыл әкімшілігінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Лесбек Жұмағұлов әкімдік жанынан құрылған ардагерлер кеңесі және әжелер кеңесінің бірқатар тындырымды тірліктерін ортаға салды. Басқосу барысында Келестік ақсақалдардың ерлігі жайлы айтылды.


«Бүгінде жастар арасында қариялар тарапынан тәлімдік, тәрбиелік мәні бар үгіт насихаттарды жүргізудеміз. Бүгінгінің ойландыратыны – жас отбасылардың бұзылуы. Көңілге кірбің келтіретін оқиғаны алдын-алу бағытында әжелер кеңесімен бірігіп, жастардың шаңырағына барып, өнегелі әңгімелер айтудамыз. Бүгінде шаңырағы шайқалмақ болған 24 отбасы бізге жүгінді. Сол отбасыларды ақсақалдарымен бірлесе сабырға шақырып, ортаға алып мәселені шештік. Аллаға шүкір, олардан тараған 48 баланы тірі жетімдіктен сақтадық деп айта аламын», – дейді Лесбек Жұмағұлов.


Ақсақалдың айтуынша, ажыраспақ болғандардың арасында жасы 60 алқымдаған ел ағалары да бар екен. Олармен де түсіндіру жұмыстарын жүргізген кеңес төрағасы нәтижелі межеге қол жеткізіпті. Осы бағыттағы жұмыстар жетілдірілуде. Отбасы құндылығы мен ынтымағын сақтауда енелердің орны орасан екенін айтылған отырыста «Енелер мектебі» деген ұйым ашу туралы ұсыныс айтылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *