СЕРПІНДІ ӨТКЕН СЕНБІЛІК

СЕРПІНДІ ӨТКЕН СЕНБІЛІК

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында тазалық іс-шаралары ұйымдастырылуда.
Бүгін Әл-Фараби ауданындағы Сәуле шағынауданының кіреберісіне және №129 мектептің алдына егілген ағаштардың түптері қопсытылды.

Сенбілік жұмыстары кезінде ағаштарда судың ұзақ сақталып, жақсы сіңуі үшін арнайы шұңқырлар (лунка) жасалды.


Мұндай күтіп-баптау жұмыстары Қонаев пен Бәйдібек би даңғылдарында да жүргізілуде.

Көгалдандыру жұмыстарына Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Build stroi» мекемесінің 70-ке жуық жұмысшысы және 17 арнайы техника жұмылдырылды.

Аталған жұмыстардың тұрақты жүргізілуі аудан әкімінің жіті бақылауында.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *