ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗ 18 ЖЫЛ БОЙЫНА ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ДАЙЫНДАҒАН

ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗ 18 ЖЫЛ БОЙЫНА ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ДАЙЫНДАҒАН

Өмірін ұстаздық жолына арнаған, сол уақыт ішінде қаншама шәкіртінің жүрегіне туған тілінің құдіретін, ұлтының үнін сіңірген, талай дарынды шәкірттері биік белестерден көрінген ардақты мамандық иесі — Мафруза Әділбекова. Мафруза Үсенқызы Шымкент қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп келеді.

2000-2018 жылдар аралығында жемісті еңбек еткен ұстаз үш дүркін республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасының жүлдегерлерін дайындады.

Республиканың педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы аясында үш айлық курсын аяқтап, І (ілгері) деңгей сертификатын, педагог – шебер біліктілік санатын иеленген. «Үздік педагог — 2020» конкурсына қатысқан ұстаз жеке кәсіби жетістіктері, оқушыларды дамытудағы нәтижелері, білім беру жүйесіне қосқан үлесі мен кәсіби шеберлігі үшін Шымкент қаласы білім басқармасының 1- орын дипломымен марапатталды.

Осы және өзге де еңбектері үшін Мафруза Әділбекова екі рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен, сондай-ақ құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *