1 НАУРЫЗДАН 25 БАЛАМЕН ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ!

1 НАУРЫЗДАН 25 БАЛАМЕН ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ!

slider
Бұл жөнінде білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева баспасөз брифингте мәлімдеді.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 Қаулысы 4-қосымшасының 24- тармақшасына және Шымкент қаласы Бас санитариялық дәрігердің 01.03.2021 жылғы №5 Қаулысының 3 тармағына сәйкес мектепте оқушылар мектеп асханаларының жұмыс істеуіне рұқсат берілмеуіне байланысты ыстық тамақсыз білім алуда.
– Елдегі жағдайға байланысты оқушылардан мектеп формасы міндеттелмейді. Сонымен бірге, 1 наурыздан бастап оқушылардың білімін толықтыру үшін 6,7,8 және 10 сыныпта 15 оқушыдан аспайтын қосымша оқыту қарастырылуда. Мұндай қосымша сабақтар ата-аналар мен мұғалімдердің келісімімен жүзеге асырылады, -деді басқарма басшысы.
Бастауыш сыныптарда — оқу сауаттылығы, математика, тілдер, дүниетану, тарих, информатика, жаратылыстану, өзін-өзі тану және денешынықтыру пәндері мектепте оқытылса, көркем еңбек пен музыка қашықтан оқытылады.
Бітіруші сыныптар 70 пайызы мектепте, 30 пайызы қашықтан оқиды. Қашықтан денешынықтыру, еңбек, өзін-өзі тану және АӘД пәндері оқытылады.
Қалған 6,7,8 және 10 сыныптар 15 баладан тұратын кезекші сыныпта білім алады.
Орта кәсіп колледждерде 1 курс студенттері ІІ семестрді штаттық режимде оқылады.
Айта кетейік, осыған дейін қалада 22 мектеп карантинге жабылған болатын. Қазір 4 мектеп әлі екі апталық карантинде, қалған мектептер іске қосылды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *