ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН ЖОЛАУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН ЖОЛАУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

slider

Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 6 қызметкер, 2 дана техника жұмылдырылған. Төтенше  жағдайлар департаменті мамандарының  мәлімдеуінше, 1 автобус және 5 жеңіл автокөлігіндегі 50 жолаушы оның ішінде 3 бала болған. Қазіргі таңда қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетіліп,  Шолаққорған ауылына жеткізілді. Қаза тауып, жарақат алғандар жоқ.

Құрметті облыс тұрғындары,  қала қонақтары ТЖД әлеуметтік желілерінде жарияланған дауылды ескертулерге және де ұялы телефондарыңызға келген дауылды ескертулерге құлақ түрулеріңізді, жолда қалып қойған жағдайда 101 немесе 112 байланыс нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз!

Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *