ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 2020 ЖЫЛЫ 703,3 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 2020 ЖЫЛЫ 703,3 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

Өткен жылды қорытындылап, халық алдында есеп берген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жыл көшінде атқарылған жұмыстар мен қол жеткен жетістіктерді баяндады. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өнеркәсіп өнімнің көлемі өткен жылы 535,2 млрд.теңге болды. Облыста 258 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп (үлесі 48,2%), 2019 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 3,5%-ға артты. Биыл бұл көрсеткіштерді айтарлықтай арттыру көзделген.


Түркістан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 141 мыңға жетіп, соңғы 2,5 жылда олардың саны 14 мыңға өсті. Осы салада 218 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл секторда 555 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен кезеңмен салыстырғанда 15,6%-ға ұлғайды. Басты көрсеткіш шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 21%-ды құрап (2020 ж. 9 ай) Стратегиялық картада міндеттелген индикатор көрсеткіші толығымен орындалды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 29 млрд. теңгені құрайтын 287 жоба қаржы институттарымен қаржыландырылды. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш.


«Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда өңірлер арасында көш бастап тұрмыз. Кәсіпкерлердің өндірістік қуатын қолдауға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасының бюджеті 23%-ға ұлғайып, 2,9 млрд. теңгеге жетті. Нәтижесінде 400-ге жуық кәсіпорына қолдау көрсетіліп, қаржыландырылды. Бизнес-ахуалды жақсарту мен қолдау мақсатында облысымызда «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервисі іске қосылып, жұмыс жасауда. Кәсіпкерлерге 33 мыңнан астам қызмет түрлерін көрсетіп, 1 мыңнан астам бизнес жоспарлардың 78%-ы қаржыландыру деңгейіне дейін сүйемелденді. Нәтижесінде, облысымыз 2020 жылдың қорытындысымен «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» рейтингі бойынша Республикада 1 орынды иеленіп, бизнесті жүргізу бойынша үздік өңір болып атанды»,-деді Өмірзақ Шөкеев.


Биыл «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы кәсіпкерлік субъектілерін 70 млрд. теңгеге жуық жеңілдетілген 6% несиемен қамтамасыз ету жоспарланған. «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервисі арқылы 40 мыңнан астам қызметтер көрсетіп, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын 150 мыңға дейін жеткізіліп, өндірілетін өнім көлемін 900 млрд. теңгеге дейін ұлғайту көзделген.

«Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастығы орталығын құру мақсатында Сарыағаш ауданында 200 гектар аумаққа сауда орталығының құрылылыс салу жобасы әзірленеді.
Маңызды жобаларды іске асыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, облысқа 703,3 млрд.теңге инвестиция бағытталып, нақты көлем индексі 59,4%-ға артты (2019 жыл 443,5 млрд.теңге). Айта кету керек, инвестициялардың өсу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы республикада 1 орынға ие болды. Оның ішінде, 112,4 млрд. теңге сыртқы инвестициялар, үлесі 16%-ды құрады. 2020 жылы жеке инвесторлар есебінен жалпы құны 154 млрд. теңгеге 37 инвестициялық жоба іске асырылып, 3 800 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл жалпы құны 260,5 млрд. теңгені құрайтын 3 900 жаңа жұмыс орнын құрумен 54 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Жүзеге асқан ең ірі жобалар ретінде құны 31,2 млрд. теңге болатын «KZT Solar» (HEVEL Kazakhstan) ЖШС-нің күн электр станциясының құрылысы мен жоба құны 19 млрд. теңге болатын «ЮКСЭС 50» ЖШС-нің күн электр станциясының құрылысын атауға болады. Сонымен қатар, Түркістан облысына ірі инвестиция құйған «Ecoinvest» ЖШС-нің өнеркәсіптік жылы-жай кешені құрылысының 1-кезеңі жүруде. Жоба құны — 6,8 млрд. теңге.

«Стандарт Ресурсис» ЖШС-нің көмірхимиялық комбинатының құрылысы, құны 1,5 млрд. теңге және әлеуметтік «Turkistan Textile» БК» ЖШС-нің тігін фабрикасының құрылысы мене «АБН Альянс» ЖШС-нің пластикалық құбырларды өндіру кәсіпорындары бар.


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *