ІНДЕТ КЕЗІНДЕ МЫҢДАҒАН ЖАННЫҢ ӨМІРІН АМАН АЛЫП ҚАЛҒАН АБЗАЛ ЖАН

ІНДЕТ КЕЗІНДЕ МЫҢДАҒАН ЖАННЫҢ ӨМІРІН АМАН АЛЫП ҚАЛҒАН АБЗАЛ ЖАН

slider
Қалада коронавирус инфекциясы өршіп тұрған кезде алдыңғы шепте қызмет еткен дәрігерлердің бірі – Асхат Жакибаев. COVID-19 індеті кезінде №2 қалалық ауруханада жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқан уақытына қарамастан, білікті маман қала халқына сапалы медициналық көмекті жоғары деңгейде ұйымдастыру қабілетімен таныла білді.
Аталған емдеу мекемесі коронавирус инфекциясына шалдыққан өте ауыр халдегі науқастарды қабылдаған жансақтау бөлімшесі бар аурухана ретінде жұмыс атқарды. Асхат Қойбағарұлы осы атқарылған жұмыстардың басында өз ісінің озық маманы екенін дәлелдеп, анестезиолог-реаниматолог дәрігер ретінде жағдайы өте ауыр науқастарға дер кезінде сапалы медициналық көмек көрсетіп, мыңдаған жанның өмірін аман алып қалды.
Асхат Жакибаев қазіргі уақытта жоғары дәрежелі анестезиолог-реаниматолог маманы ретінде жансыздандырудың барлық түрлерін озық меңгерген, медициналық манипуляциялардың кез-келген түрін жасайтын үздік маман ретінде танылды.
Жауапкершілігі жоғары білікті маман бастамашылдығымен де ерекшеленеді. Көшбасшылық қасиеттерімен танылып, аурухана жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыру қабілетіне ие. Қоғамдық жұмысқа белсенді қатысады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *