ЕЛ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН ДӘРІГЕР

ЕЛ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН ДӘРІГЕР

Гулжахан Махамбетованы көп адам «балалардың сүйікті дәрігері» деп атайды. Білікті маман Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасының неврология бөлім меңгерушісі және ҚР балалар неврологтары қауымдастығының мүшесі.

Ол 22 жылдан бері ауыр дертке шалдыққан балаларды емдеп келеді. Бір жыл ішінде екі мыңнан аса баланы ауыр дерттен айығуына көмектескен дәрігерді арнайы іздеп, ем алушы науқастар көп. Халықтың құрметі мен ықыласына бөленген медицина ғылымының магистрі 2019 жылы «EL QURMETI» төсбелгісімен марапатталды.

Гулжахан Сайдуллақызы жоғарғы технологияларды қолдана отырып, сапалы медициналық қызмет көрсету арқылы балалардың денсаулығын жақсарту мақсатында еңбек етумен бірге, өз біліктілігін арттырып отырған.

2017 жылы Санкт-Петербург қаласында «Жүйке-бұлшықет патологиясының диагностикасы мен емдеуінің заманауи тұжырымдамалары» халықаралық ғылыми конференциясында тәжірибе алмасып, өз біліктілігін шыңдаған. Дәрігердің бүгінге дейін 42 ғылыми және әдістемелік еңбегі жарық көрген.

Қазіргі таңда өз мамандығына берілген ақ халатты абзал жан балалар саулығы үшін ғылыми ізденіс жолын жалғастырып келеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *