Таразда қамыс арасынан табылған қап тазалықшылардың зәресін ұшырды

Жасыл ел-Тараз мекемесінің қызметкерлері жерге көмілген қаптан өлген адамның денесін тауып алды. Олар бірден полиция шақыртқан

Таразда қапқа салынған адамның сүйегі табылды. Мәйіт ер адам ба, әйел адам ба ол жағы белгісіз, деп хабарлады   Sputnik.kz Астана арнасына сілтеме жасап.

Адам қаңқасын Жасыл ел-Тараз мекемесінің қызметкерлері тапқан. Олар екі мөлтек ауданды бөліп тұратын, су каналының жағасындағы қамысты орып, қоқыстан тазалаған. Сол кезде жерге көмілген қапты алып шыққан. Бірден полиция шақыртыпты.

Айтуларынша. мәйіттің тек сүйегі ғана қалған. Соған қарағанда, марқұм бірнеше жыл бұрын өлтірілген болуы мүмкін деген болжам бар.

«Бұл дерекке қатысты Тараз қаласының полиция басқармасы  сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, табылған сүйек қалдықтарына сот медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау мақсатында жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», — деді Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

https://sputnik.kz/incidents/20210211/16265486/Taraz-qamys-qap-tazalyqshylar.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *