ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫЛМЫС ДЕҢГЕЙІ ЕҢ ТӨМЕН АЙМАҚ БОЛЫП САНАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫЛМЫС ДЕҢГЕЙІ ЕҢ ТӨМЕН АЙМАҚ БОЛЫП САНАЛАДЫ

Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков облыстық аппарат мәжілісінде мәлімдеді. Түркістан облысы криминогендік жағдай тұрақты және қылмысы ең төмен аймақ болып саналады. Республика көлемінде 10 мың адамға шаққандағы орташа қылмыс көлемі 83 болса, Түркістан облысында бұл көрсеткіш үш есе аз, яғни 28-ді құрайды. Бұл ел көлеміндегі ең төменгі көрсеткіш. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдің бас полицейі осылай деді.

Өткен жылдың 12 айында Түркістан облысы бойынша 5 663 қылмыстық құқық бұзушылық пен 4 916 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  29,1%-ға аз. Сондай-ақ онша ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар 53,7%-ға төмендесе, аса ауыр қылмыстардың ашылуы 97%-ға өсен. Ал, облыста мал ұрлығына байланысты қылмыстар 2 есе азайған.

«Мемлекет басшысы еліміздегі қылмысқа қарсы күресте бірқатар индикаторларды белгіледі. Олар: мал ұрлығы, есірткі бизнесіне қарсы күрес, жол-көлік оқиғалары мен ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі. Мал ұрлығы қылмысының алдын алу мақсатында біздің облыста үш жақты келісімшарт пайдаланылуда. Яғни, ауыл әкімі, мал иесі мен бақташы арасында жасалатын келісім. Олар өзара келісе отырып, мал иесі шопанды жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалдайды. Осының арқасында соңғы екі жылда облыста мал ұрлығы айтарлықтай төмендеді. Демек өткен жылы Түркістан облысында мал ұрлығына байланысты қылмыстар 2 есеге аз тіркелді»,-деді Қ.Дәлбеков.

Есептік жылдың қорытындысы бойынша, өңірде алкогольдік және есірткілік мас күйде қылмыс жасау 11,4%-ға, қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар 16,7%-ға, қаруды қолдануға қатысты қылмыстар саны 16,1%-ға, көшелерде орын алатын қылмыстар қатары 10% — ға қысқарды.

Жергілікті полиция қызметкерлерімен көлікті мас күйде басқарғаны үшін 996 жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ облыс көлемінде полиция бақылауында 56 бейнекамера мен 21 фиксатор бар. Олардың көмегімен 64 445 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Нәтиежсінде 4,5 млрд. теңгеге жуық айыппұл салынып, тең жартысы өндірілді.

Ағымдағы жылдың ең маңызды алаяқтық ісі – «Индиго-24 Эволюшн» қаржы пирамидасы.

Қазіргі уақытта бұл іспен департаментіміздің тергеу басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын арнайы топ айналысуда. Күдікті деп танылған 15 азамат қамауға алынды. Шығын сомасы шамамен 2 миллиард теңгеге жетті. Аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу қатаң бақылауда тұр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *