ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРДІ ШЕТ ЕЛДЕН НАУҚАСТАР ІЗДЕП КЕЛЕДІ

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРДІ ШЕТ ЕЛДЕН НАУҚАСТАР ІЗДЕП КЕЛЕДІ

slider
Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықта дәрігерлер қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды Орта Азияда теңдесі жоқ тәсілмен емдейді.  Осындай алтын қолды дәрігерлердің бірі – Давран Арыбжанов. 
 
Давран Арыбжанов 18 жылдан бері денсаулық сақтау саласында еңбек етеді. Давран Тұрсынқұлұлы қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға сапалы ем жасап, олардың өмірін ұзарту үшін Ресей, Аустрия, Германия елдерінде оқудан өтіп, біліктілігін арттырған. Білікті маман заманауи әдістің көмегімен 12 жылдан бері қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды емдеп, оң нәтижелерге қол жеткізуде. 
 
– Біз Қазақстанда алғаш болып тамыр ішілік химиотерапия және химиоэмболизация әдісін енгіздік. Бұл тәсіл арқылы қатерлі ісіктің тамырына химиялық заттар 100 пайыз жіберіледі. Нәтижесінде қатерлі ісікті емдеу  20-30 пайыз жақсарады. Бұл ауыр халдегі обыр ауруына шалдыққан науқастардың өмірін ұзартады. Тамыр ішілік химиотерапия және химиоэмболизация әдісі бойынша ем алу үшін Шымкенттегі онкологиялық орталыққа еліміздің өзге де облыстарынан науқастар келеді. Тіпті шекара асып, ем іздеп келетін азаматтар да бар. Мұндай ота түрі ми, мойын, бауыр, ұйқы безі, жатыр мойны, бүйрек, бауыр ісіктеріне шалдыққан науқастарға жасалады, – дейді қалалық онкологиялық орталықтың химиотерапия және эндоваскулярлы онкология бөлімінің меңгерушісі Давранбек Арыбжанов.
 
Бүгінге дейін  Давран Арыбжановтың жетекшілігімен  бес мыңнан аса науқасқа осындай операция түрі жасалған. Бүгінде қалалық онкологиялық орталықтағы білікті маманға сұраныс артып келеді. Еліміздің өзге өңірлерінен бөлек, тіпті, Астрахань, Мәскеу қалалары мен Өзбекстаннан науқастар келіп, ем алуда.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *