ЖЕКПЕ-ЖЕК СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ЖАРЫСТЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ЖЕКПЕ-ЖЕК СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ЖАРЫСТЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

slider
Түркістан облысында жекпе-жек спорт түрлері бойынша командалық жарыстың топтық кезеңдегі жеңімпаздары белгілі болды. Əр аймаққа бөлінген спортшылар бокс, еркін күрес жəне дзюдо, қазақ күресінен бақ сынады. Еркін күрес шеберлері аймақ бойынша төрт топқа бөлініп, мықтыларды анықтады.

Атап айтсақ, «А» группасынан Арыс қаласының балуандары жеке дара топ бастады. Боз кілемде өз мықтылықтарын көрсетіп, қарсылас шыдатпаған «В» тобынан Сайрам ауданының балуандары жеңімпаз атанды. «D» тобынан суырылып үздік шыққан Келес ауданының балуандары көш басында. Ал, «С» тобы бойынша Түркістан қаласы жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар бокстан да мықтылар əр аймақ бойынша жекпе-жек өткізді. Шаршы алаң төрін қыздырған боксшылар жақсы нәтиже көрсетті. «А» тобында Қазығұрт ауданы топ жарса, «В» тобында Ордабасы, «D» тобында Шардара ауданының командасы үздік деп танылды. Ал, жекпе-жекте «С» тобында Түркістан қаласының боксшылары топ басында.

Қазақ күресінен «А» тобында Отырар ауданы, «В» тобында Ордабасы, «С» тобында Бәйдібек, «D» тобында Шардара ауданының балуандары белсенділік танытты. Дзюдо күресі бойынша «А» тобында Сарыағаш, «В» тобында Төлеби, «С» тобында Түркістан, «D» тобында Шардара ауданының командасы жеңімпаз атанды. Енді 25 ақпанда Түркістан қаласында топтық кезеңдегі жеңімпаздар сайыс жолына шығады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *