КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН № 1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АРТТЫ

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН № 1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АРТТЫ

slider

2020 жылы емханада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер «Қуат-құрылыс» ЖШС құрылыс жұмыстарын (473 млн 535 мың теңге) өз мерзімінде аяқтады. Күрделі жөндеуден соң емхананың тіркеу орны, дәрігерлер қабылдау, егу, күндізгі стационар, процедуралық кабинеттер және де басқа медициналық қызмет көрсету санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай, заманауи үлгіде қайта жасақталып, жұмыс жүргізуде. Пациенттерге салауатты өмір салтын насихаттау және әлеуметтік- психологиялық қолдау көрсету бағыттары да жақсарды.

Емханада күндізгі стационар жұмыс істейді. Бүгінге дейін 30 төсек-орынды күндізгі стационарда 924 науқас ем қабылдап, сауығып шықты. Қажетті дәрі-дәрмекпен толығымен қамтамасыз етілген.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, мекеме электронды жүйеге көшіп, жаңа бағыттарды енгізуде. Атап айтқанда, емханада КМИС (кешенді медициналық ақпараттық жүйе) порталы, электрондық тіркеу орны іске қосылды. Пациенттерді «Медициналық күнделік» арқылы қабылдауға жазу жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, емханада құрамында дәрігерлер, орта буынды қызметкерлер, әлеуметтік қызметкерлер бар 9 мобильді топ құрылған. Бұл ретте дене қызуы көтерілген науқастарды бақылау, тағайындаулар беру, пульсоксиметрмен сатурациясын өлшеу, рентгенография және КТ-ға жіберу, сонымен қатар, онлайн тұрғындарға кеңес беру, жеке салалы мамандармен онлайн кеңес ұйымдастыру, диспансерлық бақылауда тұратын созылмалы аурулары бар азаматтарға тегін дәрі-дәрмек жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Мекеменің медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталу көрсеткіші – 69,79 %.

Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *