ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 39,3 ШАҚЫРЫМ ЖАҢА ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛДЫ

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 39,3 ШАҚЫРЫМ ЖАҢА ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛДЫ

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов 2020 жылы атқарған жұмыстар туралы онлайн форматта есеп берді. Аудан әкімінің айтуынша, былтыр тұрғындарды инфрақұрылым жүйелерімен қамтуда бірқатар жұмыстар атқарылды.

 


Аудан бойынша 36 324 тұрғын үй (77 %) тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтылса, 5 937 тұрғын үй (12,6 %) кесте бойынша, 4 941 үй (10,4 %) тасымалды сумен қамтылған.

2020 жылы Көмешбұлақ су жинақтауышысынан Тұран шағынауданы айналма жолына дейінгі ұзындығы 4,48 шақырым суаққы құрылысы, Тассай тұрғын алабы (111,58 шақырым), Тұран (120,6 шақырым), Достық (116,5 шақырым), Асар-2 шағынауданы (156,1 шақырым), Достық тұрғын алабындағы (34,2 шақырым) ішкі орамдық жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Аудан аумағында ауыз сумен қамтуды қажет ететін 6 елдімекен бар. Олар – Асар-2 шағынауданы (2 кезек), Бозарық саяжайы, Қайнарбұлақ, Исфиджаб, Сайрам, Қызылсу тұрғын алаптарының Жаңақұрылыс аумақтары. Аталған елдімекендер «Шымкент қаласын дамытудың 2020-2023 жылдарға арналған іс-шара жоспарына» енгізілді.

Ауданда 37 169 тұрғын үй (78,8%) қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің балансындағы, 10 033 үй (21,2%) жеке меншіктегі электр трансформаторлары арқылы электр жарығын пайдалануда. 2020 жылы жалпы құны 270 млн теңге 39,3 шақырым жаңа электр желісін тарту, 9 трансформатор орнату жұмыстары атқарылды. Қазіргі таңда 1 695 тұрғын үйді сапалы электр жарығымен қамту мақсатында абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Асар-2 (2 кезек), Бозарық-2 шағынауданы, Достық тұрғын алаптарын сапалы электр жарығымен қамту мақсатында ЖСҚ әзірленген. Қайнарбұлақ тұрғын алабын сапалы электр жарығымен қамту бойынша «Береке» мекемесі тарапынан әзірленген жобаға сараптама қорытындысы алынып, 2021 жылдың бюджетіне ұсынылды. Құрылыс жұмыстары 2021 жылға жоспарланды.
Сондай-ақ, ауданда 34 833 үй (73,7 %) табиғи газбен қамтылған, қамтылмағаны – 12 369 үй (26,2%). Өткен жылы табиғи газбен жабдықтау бойынша магистралды және ішкі орамдық жүйелердің (Достық, Асар-2 шағынауданы) құрылыс жұмыстары орындалды.

Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *