«Өзімді жақсы сезініп тұрмын»: бас санитар дәрігер мен вице-министр вакцина салдырды

15 ақпаннан бастап Қарағанды ​​зауытында шығарылған «Спутник V» препараты вакцинация үшін қолданылады

 Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен вице-министр Ажар Гиниятқа ресейлік Sputnik V вакцинасын салдырды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вакцинация Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада өтті. Алдымен денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері дәрігерге қаралды. Ал вакцинация алғаннан кейін олар 30 минут бойы дәрігерлер бақылауында болды.

«Мен өзімді жақсы сезініп тұрмын. 21 күннен кейін вакцинаның екінші екпесін салады», – деді Қиясов.

Ал вице-министр Ажар Ғиният вакцинаны жыл сайын салдыртатынын айтты.

«Мен қорқып тұрған жоқпын. Екпені ылғи салдыртамын. Онымен медицина қызметкерлерін және халқымызды қорғай аламыз», – деп атап көрсетті Ғиният.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 ақпаннан бастап ерікті түрде халыққа кезең-кезеңімен вакцина егу басталды.

Ресейде өндірілген Sputnik V вакцинасының бірінші партиясы Қазақстанға 31 қаңтарда 22 мың доза мөлшерінде жеткізіліп, барлық аймақтарға таратылды.

Вакцинаны тек ересек Қазақстан азаматтары ғана ала алады және вакцинацияның бірінші кезеңінде дәріні ірі жұқпалы аурулар ауруханалары мен ковидтік орталықтардың дәрігерлері салдырады.

Ал 15 ақпаннан бастап Қарағанды ​​зауытында шығарылған «Спутник V» препараты вакцинация үшін қолданылады.

Жалпы ақпан айында жүз мыңға жуық қазақстандық дәрігер вакцина салдырады деп жоспарланған.

Сәуір айынан бастап 75 мың доза көлеміндегі отандық QazCovid-вакцинасын ай сайын көбейте отырып, 500 мың дозаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

 

COVID-19 қарсы екпе жұмыстары 2021 жылдың соңына дейін жалғасып, 6 миллион адам вакцинацияланады.

https://sputnik.kz/society/20210201/16176364/Bas-sanitar-vaktsina.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *