ТҮРКІСТАН: САЙЛАУ НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ ЖҮРУДЕ

ТҮРКІСТАН: САЙЛАУ НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ ЖҮРУДЕ

slider
Түркістан облысы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау шарасына дайындық жұмысы қызу жүруде. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев аудан, қалаларды арнайы аралап, жергілікті жердегі сайлау учаскелерінің еліміз үшін саяси маңызы зор күнге дайындығын тексерді. Атқарылған жұмыстар барысында барлық сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға учаскеге келіп дауыс беру қолжетімді болып, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен тиісті қаражат қарастырылған.Облыс бойынша жалпы саны 911 сайлау учаскесі болса, Сарыағаш ауданында 79 сайлау учаскесі тіркелген. Ал сайлаушылар саны — 1 160 196, ауданда 121 916 адамды құрайды. Сайлаушылардың жедел ақпарат алуына қолайлы болу үшін 109 қауырт желісі іске қосылып, http://Turkistan.gov.kz ресми сайты мен http://t.me/tur_saylaw_bot телеграм каналы жұмыс істейтін болады. Бұл қызметтер сайлаушының жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша дауыс беру үшін өзінің сайлау учаскесі туралы анықтама алуға, сайлауға қатысты сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *