Шетелден келген тағы төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

Шетелден келген тағы төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

Олар қолында КВИ-дің бар-жоғын нақтылайтын құжат болғандықтан анализ тапсыру үшін алдында стационарлық ауруханаға карантинге орналастырылған.

Сурет : platon.asia14 Қазан 2020, 12:47

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов түнде келген қанша жолаушы ПТР-тест тапсыру үшін карантинге орналастырылғанын айтты, деп хабарлады zakon.kz.

— Биылғы жылдың 14 қазанына қараған түні 9 рейс келді, ондағы 1 052 жолаушының 862-сінде КВИ бар-жоғын растайтын құжат болған, ал 190 адамның анықтама қағазы болмаған, — деді Байғабылов.

5 рейс Нұр-Сұлтан қаласына қонды, онда 533 жолаушы болды, оның 118-нің анықтамасы болмаған;

Алматыға 3 рейспен 428 жолаушы келді, оның 62-сінің анықтамасы болмаған;

Ақтауға 1 рейспен 91 жолаушы келді, оның 10-ында анықтама болмаған.

Анықтама қағазы жоқ барлық 190 әуе жолаушылары ПТР анализі үшін келген қалаларындағы карантиндік ауруханаларға орналастырылды.

— Айта кету керек, биылғы жылдың 13 қазанында Алматыға шетелден келген 4 азаматтан (біреуі Анталиядан, ал үшеуі Шарм-эль-Шейхтен келген) коронавирус анықталды. Төрт азаматта да COVID-19 бойынша ПТР-тест анықтамасы болмаған. Барлық қажетті медициналық және эпидемияға қарсы шаралар белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады, — дейді Көліктегі бас санитарлық дәрігер.

Бұған дейін шетелден оралған алты қазақстандыққа коронавирус диагнозы қойылғандығы хабарланған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *