Бірінші қазан — даналық, мейірімділік және Құрмет күні

Бірінші қазан — даналық, мейірімділік және Құрмет күні

Қарттар күні Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің әскери қызметшілері жергілікті әскери басқару органдарының ардагерлері Ықыласбек Мұратбеков пен Василий Сиротиндің қал-жағдайын біліп қайтты.

Қалалық департамент ұжымы әрдайым төзімділік пен батылдықтың үлгісі болып табылатын ардагерлерге қамқорлық көрсетуге уақыт табады. Қарттар күні де ерекшелік емес.
Бұрын дәстүр бойынша, бұл күні ардагерлер үшін жақсы кездесулер кештері ұйымдастырылатын, бірақ биыл коронавирусқа қатысты жағдай өз түзетулерін жасады. Сондықтан департамент өкілдері олардың үйіне барды.
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі секторы ардагерлерге олардың еңбегі үшін алғыс сөздері мен ұзақ ғұмыр тілектері жазылған құттықтау ашықхаттарын дайындады.
Департамент бастығының орынбасары подполковник Ринат Мадьяров атап өткендей, біз үшін бұл жергілікті әскери басқару органдарының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқаны үшін аға буын өкілдеріне, қарияларға алғыс білдірудің жақсы мүмкіндігі. «Біз барлық аға буын өкілдерін даналық, мейірімділік және Құрмет күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық пен ұзақ өмір, рух пен ерік-жігердің тұрақтылығы, бақыт пен амандық тілейміз!»,- деді Ринат Мадьяров ардагерлерге.


Ардагерлер өз қабылдаушыларына алғыс айтып, қызмет жылдарында олармен болған қызықты өмірлік жағдайлар туралы айтты. Айта кетсек, отставкадағы полковник Ықыласбек Мұратбеков – әскери әулеттің өкілі. Әкесі өзі қатысқан Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Кеңес Армиясы қатарында қызметін жалғастырып, подполковникке дейін көтерілді. Ықыласбек Мұратбековтің ұлы – подполковник Мұратбек Ержігіт – Қарулы Күштердің офицері, ҚР Қарулы Күштері Алматы жоғары әскери училищесінің (қазіргі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты) түлегі.
Отставкадағы подполковник Василий Сиротин де бай кәсіби және өмірлік тәжірибеге ие. Ол кәсіби салада үлкен беделге жеткен әскери қаржыгер. Оның спортта да жетістіктері бар. Ол шаңғы, жеңіл атлетика және шахмат бойынша бірінші дәрежеге ие.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *