Қазақстан жастар құрамасы 94-минутта жеңіс голын соғып, топта екінші орынға шықты

Қазақстан жастар құрамасы 94-минутта жеңіс голын соғып, топта екінші орынға шықты

Фото: ҚФФ©Фото: ҚФФ©

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2021 іріктеу кезеңі аясында Израильді жеңді, — деп хабарлады  kaz.tengrinews.kz    Vesti.kz.- ке сілтеме жасап.

Назаретте өткен матч қазақстандықтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.

Есепті Қазақстан жастары ашты. Бірінші таймның соңында Елхан Астанов өз командасын алға шығарды.

Израильдіктер матчқа қосылған қосымша уақытта есепті теңестірді — 91-минутта Итамар Швиро гол соқты. Бірақ қазақстандықтар жеңісті жұлып әкетті. 94-минутта Оралхан Өміртаев жеңіс голын соқты.

Осы ойыннан кейін Қазақстан жастар құрамасы тоғыз ұпаймен іріктеу тобында екінші орынға шықты. Израильде сегіз ұпай бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *