Тоқаев Абай мұрасын насихаттағаны үшін шетелдік зерттеушілер мен аудармашыларды марапаттады

Тоқаев Абай мұрасын насихаттағаны үшін шетелдік зерттеушілер мен аудармашыларды марапаттады

Фото: akorda.kzФото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай мұрасын насихаттағаны үшін шетелдік зерттеушілер мен аудармашыларды марапаттады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі шетелдік зерттеушілер мен аудармашыларды II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады», — деп жазды Берік Уәли Facebook желінсіндегі парақшасында.

Жоғары марапат иегерлері:

Америко Эдельсио — Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы

Ганем Халед Ас-Саид — Уақыптар министрлігінің департамент директоры, Мысыр Араб Республикасы

Кибар Зафер — жазушы, Түркия Республикасы

Кошут Леонард — әдеби редактор, Германия Федеративтік Республикасы

Манн Джейн — Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі

Мәжит Ақбар — жазушы, Қытай Халық Республикасы

Пряхин Георгий Владимирович — Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті, Ресей Федерациясы

Пуиг Мария Санчес — Мадридтегі «Комплутенсе» университетінің профессоры, Испания Корольдігі

Хачатрян Шушан — Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Армения Республикасы

Хуанчжан Ха — аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, Қытай Халық Республикасы

Шатқам Қажымұхамет — жазушы, Иран Ислам Республикасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *