ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ УАҚЫТША ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ УАҚЫТША ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

 

Шымкент қаласында инфекциялық ауруға шалдыққан науқастардың азаюына байланысты үш провизорлық станционардағы төсек орындар уақытша жабылды. Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпид ахуал жөнінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Дәулет Шорабаев мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта провизорлық стационарларды кезең-кезеңмен консервациялау басталды. Ең алдымен консервациялау жұмыстарын оқу орындары базасында ашылған провизорлық стационарлардан бастадық. Бүгінгі күні политехникалық колледжде ашылған стационарда -250 орын, 52 мектепте ашылған стационарда -300 орын және №86 мектепте ашылған стационарда — 400 орын уақытша қызметін тоқтатты» -деді.
Уақытша жұмысын тоқтатқан станционарлар эпидахуал нашарлаған жағдайда қайтадан ашылатын болады.
Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша жұмыс күшейтілген болатын. Нәтижесінде қосымша 211 мобильді топ құрылып, 17 820 науқасқа үйінде стационарлық қызмет көрсетілген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *