Түркістан облысы ТЖД суда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады

Түркістан облысы ТЖД суда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады

Суға тек қана рұқсат етілген орындар мен жағажайларда шомылып, судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алу қажет.

Сурет : yubik.net.ru14 Шілде 2020, 18:16

Түркістан облысында тұрақты профилактикалық жұмыстарға қарамастан, су айдындарында адамдардың қаза болуы бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі. Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде 23 адам қаза тапқан, оның 11-і бала,деп хабарлады zakon.kz Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

12-13 шілде күндері бірнеше жазатайым оқиға орын алған. Атап айтқанда, 12 шілде күні Отырар ауданы, Балтакөл ауыл округіне қарасты Ақкөл ауылында Сырдария өзенінде 1997 жылы туған Қ.Тілеужан есімді азамат суға кеткен. Сондай-ақ осы күні аталған ауданның Қарақоныр ауыл округіне қарасты Шәмші ауылында Арыс өзенінде 1967 жылы туған. С.Абдикаримовтың мәйіті туыстарымен шығарылған. Куәгерлердің айтуынша, марқұм мас күйінде болған, үстінде киімі бар. Ал 13 шілде күні Арыс қаласында Арыс өзеніне 1991 жылы туылған Ғ.Базарбаев есімді азамат суға батқан.

Бұдан өзге, 12 шілде күні сағат 19:40-та Сайрам ауданы, Ақсукент-2 ауылы, Балуан Шолақ көшесі, № 1/1 жеке тұрғын үйдің жанында сығымдалған шөбі бар газель автокөлігі толығымен жанған. Салдарынан өрт жалпы көлемі шамамен 300 шаршы метр үйдің шатырына өтіп шамамен 195 ш.м. жанған. Оқиға салдарынан 2011 жылы туған газель жүргізушінің туған інісі сол мезетте ұйқыда болып көлік ішінен шыға алмай оқиға орнында қайтыс болды. Өрт 20:49 толығымен сөндірілді. Өрт оқиғасы газельдің бортындағы жиналған шөп электр сымдарына тиіп, қысқа тұйықталу салдарынан өрт шыққан.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды шақырады: суға тек қана рұқсат етілген орындар мен жағажайларда шомылуға; суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алуға; тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмауға; суға түскенде бір-біріңізді және балаларды көзден таса қалдырмауға; сондай-ақ, көліктегі электр жабдықтарын тексеріп тұруға, жанар-жағар май жүйесін бақылап тұруға, салонда шылым шекпеуге, көлік иесінің машинадағы өрт қауіпсіздігіне салғырт қарамауға.

Судағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерімен үгіт насихат жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, бүгінгі таңға дейін 181 рейдтік жұмыстар жүргізіп, 22 азаматқа «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 440 бабы бойынша 236 мың 130 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. Облыста суға шомылу маусымын қауіпсіз өткізу жұмыстары жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *